Баку қаласында террорлық шабуыл жасамақ болған күдіктілер ұсталды - деп хабарлайды Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.
Қазан айының 25-сі күні Баку қаласы маңындағы Лекбатон ауылында Әзербайжан қауіпсіздік қызметі арнайы операция өткізген. Операция барысында 28-ші қазан күні Бакуде өтетін бейбіт шеруге лаңкестік шабуыл жасамақшы болған күдіктілер ұсталған. Күдіктілер Лекбатон ауылында тұратын Бахтияар Мамедсадигоғлы Алекперовтың үйінде қолға түскен. Тексеру кезінде Алекперовтың террорлық топтың басшысы екендігі анықталып, оның үйінен бірнеше қолдан жасалған жарылғыш зат тәркіленген. Кейінен күдіктілердің 22-ші қазан күні аталмыш жарылғыш заттарды дәл осы Локбатон ауылында сынақтан өткізгендігі белгілі болған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін жергілікті БАҚ өкілдері қазан айының 28-і күні Баку қаласының Ясамал ауданында Ұлттық кеңес бейбіт шеру өткізеді деген ақпарат таратқан болатын. Бірақ аталмыш жағдайдан кейін бұл шерудің өту-өтпеуі белгісіз.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?