Украина билігі Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилиді елден депортациялау жайында сөз қозғай бастады.
Украина бас прокуроры Юрий Луценконың сөзінше, қазіргі таңда Михаил Саакашвилиді экстрадициялауға немесе депортациялауға ешқандай кедергі жоқ. Себебі Украина көші-қон қызметі Саакашвилиге саяси босқын статусын беруден бас тартқан. Ал Михаил Саакашвилидің өзі бұл жайында өзінің Facebook парақшасында: «Қазір менің Украинадағы статусым заңды. Мен Украинада тұрғылықты мекен жайы бар азаматпын. Мені елден депортациялауға немесе экстрадициялауға болмайды» - деп жазған.
Бұдан бөлек Юрий Луценко Михаил Саакашвилиді үшінші бір мемлекеттердің қолдауымен Жоғары Рада ғимараты алдында мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деп айыптаған. Естеріңізге салайық, қазан айының 22-сі күні Жоғары Рада ғимараты алдында Михаил Саакашвили жақтастары мен полиция арасында қақтығыс орын алып, ұлттық гвардия сарбаздары ереуілшілерге қарсы көзді жасаурататын газ қолданған болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды