Пәкістанның Пунжаб қаласында тұратын 10 жастағы Зималь Умер қоқыстан жинаған заттарынан қолсөмкелер дайындайды. Қазірдің өзінде оның шағын кәсібі онлайн дүкен арқылы ғаламторда сатылып, Пәкістан, Сауд Арабиясы және АҚШ-та өткен байқаулардың жеңімпазы болып үлгерген. ВВС тілшісі жас кәсіпкермен арнайы кездесіп, оның экологиялық таза кәсібі туралы кеңінен әңгімелейді.
Пәкістан жыл сайын 20 млн тонна қоқыс шығарады. Қайта өңдеуден өткізілмейтін көп көлемді қоқыс қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізеді. Осы мәселені шешуге аз да болсын үлес қосуды мақсат тұтқан Зималь Умер қоқыстан жиналған шикізатын әкесінің ақшасына арнайы құрылғыда жуғызып, тазартып, youtube желісіндегі бейнероликтерге қарап, сөмке жасауды үйренген.
Қазір кәсібінің тұрақты табысы мен тұтынушылар аудиториясы қалыптасып үлгерген 10 жастағы мектеп оқушысы кірісінің бір бөлігін балалар үйіне аударады. Пәкістанда қыз балаларға жеке жұмыс істеуге көптеген кедергілер бар, соған қарамастан кішкентай кәсіпкер қазірше үлкен қиындықтарға тап болмағанын айтады.
Жергілікті пәкістандық БАҚ өкілдері Зималь Умерді "Әлеуметтік кәсіпкер" деп атайды. Ол өз елінде басталған шағын кәсібін әлемдік деңгейге көтеруді, болашақта кәсіпкер әйел болуды армандайды. "Мен болашақ ұрпақтың таза әрі қауіпсіз әлемде өмір сүргендерін қалаймын. Бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін мен қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Басқалардың да өзіндік үлестерін қосқанын қалар едім", - дейді ол.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?