Құрал-жабдықтар мен техника сатып алу үшін ең қымбат орын саналатын Сингапур келесі жылдан бастап, жеке көліктердің санын жыл сайын 0,25-ке қысқартып, қоғамдық көліктердің санын арттырмақ. Жол үстіндегі көлік тығыны мен қозғалыс қиындығы мәселесін шешу үшін мұнда көлік алатын адам оны жүргізу үшін де арнайы рұқсат алады.
Бұл куәлік 10 жылға жарамды, әрі құны шамамен 50 мың Сингапур долларына(ары қарай - Sg$) тең. Бірақ бұл баға көліктің түріне байланысты тағы өзгереді. Мәселен, Toyota Corolla Altis көлігін міну үшін рұқсатты 111 мың Sg$ сатып аласыз. Сингапур осылай өзге Азия елдерінің басты мәселесіне арналған көліктің көптігінен туындайтын қиындықтардың алдын алып отыр.
2016 жылдың соңында Сингапурда 600 мыңға жуық жеке көлік тіркелген. Жергілікті көлік әкімшілігінің мәліметінше, Сингапур территориясының 12 пайызын көлік жолдары алып жатыр. 5,6 млн халқы бар, жер көлемі 719,2 км2 мемлекет үшін бұл - едәуір көрсеткіш.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды