Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан тарапымен жасалған 100 млн долларға қатысты келісімнің күшін жою туралы заң жобасын қолдады. Қазақстан бұл қаражатты қырғыз елі экономикасының Еуразиялық экономикалық одаққа бейімделуін реттеу үшін беру керек болған. 

"Комитет депутаттары бірінші оқылымда  ЕАЭО аясында  Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар беру туралы келісімін бұзу туралы заң жобасын бірауыздан қолдады", - деп мәлімдеген Қырғыз парламенті. Интерфакс агенттігінің мәліметінше, үкімет мұны жабық режимде өткізу туралы өтініш жасаған. Енді алдағы уақытта бұл Республика парламентінің талқылауына ұсынылуы мүмкін.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруіне байланысты «жол картасын» іске асыру үшін Қазақстан тарапынан 100 млн доллар көлемінде техникалық көмек алу туралы келісімге 2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербургте  қол қойылған.

“The Qazaq Times”