Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына арналған "Тұрсынбек Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультетінде профессор атындағы дәрісхана ашылды.

Конференцияда ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев және ақын Нұрлан Оразалин, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлиев, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижан сынды азаматтар қатысып, Тұрсынбек Кәкішев жайлы сөз сөйлеп, естеліктерін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры футболдан халықаралық турнир ұйымдастырып, әлемнің алты елінен және Қазақстанның жан-жағынан келген 20 команда бақ сынаған.

“The Qazaq Times”