Қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің ескерткіші Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ақынның жары Күлтай Қасымқызы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері қатысты.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өз сөзінде Тұманбайға арнап бюст-ескерткіш орнату - ақынның туған топырағының қазақ поэзиясына жасаған құрметі, ақынның рухына бас игендіктің көрінісі екенін атап өтті.
Ақынның жұбайы Күлтай Тоқтасынқызы осындай игілікті істі атқаруға мұрындық болған жерлестеріне ризашылығын білдірді.
Ескерткіштің эскиздік жобасының авторы – сәулетші, этнодизайнер Құрманғазы Қадыров, мүсіншісі – Алтай Бейсенов. Ақынның бюсті қоладан жасалған, тұғыры мәрмәр тастан дайындалған. Ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Алаңы 3,5 га болатын аумақ 76 млн теңгеге абаттандырылған.