Ақтауда 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «South Caspian Operating Company» компаниясының төрағалары Рао Есвара және Бехара Санкар Бхагаватхимен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мақсат - өңірдің экономикасын дамыту.
«South Operating Company» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында жобалау, құрылыс және өндіру жұмыстарымен айналысады.
Тараптар Ақтау және Атырау қалаларында қолданыстағы мұнай-химия зауыттарында қосалқы қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасты.
Шетелдік компания Маңғыстау жерінде бірнеше жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Олар:
- Темір металдан болат арматурасын өндіру үшін тәулігіне 400 тонна қуаттылықты құрайтын болат балқыту зауыты;
- Темір рудадан жасалған болат бланкілерді өндіру үшін тәулігіне 400-500 тонна қуаты бар металлургиялық зауыт;
- Ішкі тұтыну үшін бидайдан күніне 400 метрлік тонна крахмал өндіру зауыты.
- Тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтыну үшін тәулігіне 500 - 50 000 текше метрді құрайтын тұзсыздандыру қондырғысы;
- 100-200 МВт қуаты бар күн электр станциясы;
- Мұнай-газ және басқа салалар үшін технологиялық азық-түлік жабдығы;
- Үлкен құрылымдарды, мұнай сақтау қоймалары мен мұнай-газ өнеркәсібі үшін қажетті өзге де өнеркәсіп өнімдерін өндіруге арналған болат өнімдерін өндіруге арналған қондырғылар;
- 100-ден 200 МВт дейін газ электр станциясын салу;
- 9 Автомобиль өнеркәсібі үшін аккумуляторлық зауыт салу;
- Кендірлі курорттық аймағының жобасы (әуежайдың, тұрғын алабының және туристік аймақтың құрылысы).