Қазақстан Қырғызстан президент сайлауына бақылаушы жіберуден бас тартты.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров осы жағдайға байланысты өткен дөңгелек үстелде: «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2017 жылы қазан айының 15-сі күні Қырғызстан Республикасында өтетін президент сайлауына бақылаушы жіберуден бас тартады» - деп мәлімдеген. Бұдан бөлек ол өз сөзінде Сыртқы істер министрлігінен ҚР Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шешімді Қырғызстан Сайлау және референдум орталық комиссиясына жеткізуді сұраған.
Естеріңізге салайық, соңғы уақыттарда қазақ-қырғыз қарым-қатынасы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігіне қарата айтқан мәлімдемесі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуінен кейін шиеленіскен. Ресми Астана Атамбаевтың сөзінен кейін Қырғызстанмен арадағы шекараны күшейтілген режимге көшіріп, "қырғыз президентінің сөздері шындыққа жанаспайтынын және арандатушылық мағанада айтылғанан" мәлімдеген. Бұның алданда Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Бабановпен кездесуін елдің ішкі саясатына араласу деп бағалап, Қазақстанға қарсылық нотасын жіберген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?