Көпфункционалды ұшақтар бізде көп емес. Ал қолданыстағы барлық ұшақтардың қолдану аясы тар: транспорттық немесе жолаушылар ұшағы болып қана бөлінеді. Ал Н. Е. Жуков атындағы орталық аэрогидродинамикалық институт (ЦАГИ) жаңа әмбебап ұшақтың концепциясын ұсынды. Бұл туралы «Известия» хабарлайды.
Бұл әмбебап проектінің концепциясы бойынша: ұшақ – қосмоторлы. Аппарат 52 адам немесе 6 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады және 1000-1500 киллометр қашықтықты ұшып өтуге арналған. ЦАГИ-дің хабарлауынша, бұл ұшақтардың жаңа моделін 2016 жылдың желтоқсан айында тәжірибеден өткізген.
Бұл модельдің кез келген жағдайда (апат жағдайы болсын) аэродинамикалық тұрғыдан қуаты мол екендігі көрсетілген. Алайда ұшақты толық қолданысқа енгізу үшін, тағы да техникалық тәжірибелерді өткізіп, нақтылауды қажет етеді. ЦАГИ ғалымдары ұшақты әскери авиация үшін және ішкі бағыттарда қолдану үшін жасап жатқандығын жеткізген.
"The Qazaq Times"