Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украина президенті Петр Порошенкоға ультиматум қойды – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Михаил Саакашвили «Украинская правда» интернет-газетіне жариялаған мақаласында Петр Порошенкоға төрт бірдей талап қойған. Ол онда Петр Порошенкоға Украинада қысқа уақыт аралығында жемқорлықпен күресуге, жаңа сайлау заңын қабылдауға, тұрғын-үй коммуналды қызметі тарифін арзандатуға және бизнесін сатуға кеңес берген. Саакашвилидің сөзінше, ел билігі бұлай істемеген жағдайда Украина көп ұзамай әлеуметтік-экономикалық құрдымға кетеді. Ал ол өз кезегінде елді басқарусыз әлеуметтік төңкеріске алып келуі мүмкін.
Естеріңізге салайық, Михаил Саакашвили осы уақытқа дейін Украинаны аралап, халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған болатын. Саакашвили өзін Петр Порошенко Украина азаматтығынан шығарып тастағанан кейін АҚШ пен Польшада болған. Ал Украинаға қыркүйек айының 10-ы күні келген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?