БҰҰ-ның 17 қаңтар жариялаған «Әлемнің экономикалық жағдайы және болашағы» атты сараптауы бойынша, Азия экономикасы өзінің әлем алдындағы «Жарық нұр» екенін жалғасты әйгілеуде. Қазіргі әлемнің экономикалық өсу қарқынының баяулауына және сауда мен инвестиция алмасуларының әлісіреуіне қарамастан, Азия экономикасы биылғы жылы да өзінің тұрақты өсімін сақтап қалады деп күтілуде. «Шинхуа»-ның сауда-экономика ісі жөніндегі ақпараттық сайты хабарлайды.

Күшті тұтыну сұранысы мен үкіметтің экспорттық шығындарды жабуы нәтижесінде, 2016 жылы Шығыс және Оңтүстік Азия экономикасының өсімі 5,7 пайызды құрап, алдынғы жылмен ұқсас көрсеткішті сақтап қалды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, Оңтүстік Азия экономикалық өсуде ең қарқынды аймақ болып саналады. Бұл аймақтың 2016 жылғы экономикалық өсімі 6,7% болды. Жалпы Үндістан экономикасында экспорттың аз салмақты иелеуі себепті, бұл елге әлемдік сауда және инвестиция ағымы да аз әсер етеді.  Соның негізінде алдағы екі жылда үнді экономикасы 7,7% пен 7,6% құрайды деп болжанып отыр.

БҰҰ «Әлемнің экономикалық жағдайы және болашағы» сараптамасы әр жылы қаңтар айында таратылады. Оны БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік мәселелер департаменті, Сауда және даму ісі жөніндегі кеңесі, экономика және әлеуметтік істер комитеттері бірлесіп жасайды. Ол БҰҰ-ның маңызды экономикалық есептерінің бірі болып табылады. Осыдан соң жаңа экономикалық жағдайларға байланысты, жылдың алғашқы жартысында қайталай сараптаулар жасалады.

 

"The Qazaq Times"