Америка Құрама Штаты мен Түркия жексенбі күні бір-бірінің иммигрант емес азаматтарына беретін визаларын тоқтатты. Бұл Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) одақтастары арасындағы айырмашылықты күшейтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы мыңдаған туристерге әсер етуі мүмкін. Бұл туралы “WSJ” басылымының ресми сайты жазды.
«Шабуылды» Құрама Штаттың Анкарадағы елшілігі алдымен жолға қойса керек. Себебі, олардың жасаған мәлімдемесінде «АҚШ тарабы Түркия үкіметінің Құрама Штат елшіліктері алдындағы міндеттемелерін қайталау қаруына тура келеді» делінген. Бұл қайта қарау кезінде АҚШ елшіліктеріне келетін адамдардың санын азайту үшін, Түркиядағы барлық эмиграциясыз визалық қызметті тоқтататын болған.
Ал, осыдан бірнеше сағат өткеннен кейін Уашингтондағы Түркия елшілігі де осымен ұқсас мәлімдеме таратты. Түрік елшілігінің берген мәліметінде де «соңғы кездерде болған оқиғаларға байланысты қауіпсіздік талаптарын қайта қарауға тура келеді. Бұл үшін эмиграцияға жатпайтын виза беру қызметін де уақытша тоқтата тұруға мәжбүрміз. Сондай-ақ, бұл шешім АҚШ-та және Түркия ішінде берілетін барлық визаларды қамтиды» делінген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес