Ослода Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампания (ICAN) Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауретаты атанды. Бұл премия бейбітшіліктің нығаюына ықпал ететін тұлғаларға беріледі.
"Жүлде ядролық қаруды пайдалану гуманитарлық зардаптар алып келетініне назар аударған және сол қаруды қолдануға тыйым салу келісіміне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салғандарға беріледі", - дейді Норвегиядағы Нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.
Комитеттің мәліметінше, қазіргі кезде ядролық қаруды пайдалану ықтималы жоғары болып отыр.
"Кейбір мемлекеттер ядро арсеналдарын жаңғыртып жатыр, яғни олар атом қаруын пайдаланғылары келеді. Мысалы бір ғана Солтүстік Кореяның өзі осындай әрекет жасап отыр", - деп түсіндірді комитет басшылығы.
ICAN - ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтын 100-ден астам мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы. Ол 2007 жылы құрылған. Қазіргі кезде 101 елде 468 серіктес ұйымы бар. Бас кеңсесі Швейцарияның Женева қаласында орналасқан.
Биыл Бейбітшілік сыйлығына 318 ұйым үміткер болып, оның 103-і ұсынылды. Ал, 2016 жылы Бейбітшілік Нобель сыйлығын Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос алған.
Айта кетейік, бұған дейін әдебиет бойынша Нобель сыйлығын тегі жапон болғанымен, Ұлыбритания азаматы Казуо Ишигуро алса, химия саласы бойынша швейцариялық Жэк Дубочет, АҚШ-тың зерттеушісі Иохим Фрэнк пен Ұлыбританияның тумасы Ричард Хендерсон алды