2017 жылдың тамыз айының соңында Қазақстанның жұмыспен қамту орындарында тіркелген жұмыссыздар саны 143,8 мың адамды құраған. 

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда (96,4 мың адам) 49,1%-ға артып отыр. Сондай-ақ жұмыссыздар саны қаңтар айынан бері (55,1 мың адам) 2,6 есеге өскен.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жұмыссыздардың жалпы саны 1,1 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың 1,2% -ын құрайды.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9% шамасында.

Дереккөз: ЕЭК

“The Qazaq Times”