Американың Лас Вегас қаласындағы атыстан қаза болғандар саны елуге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Атыс кезінде 200-ден аса адам зардап шеккен. Полиция дерегіне сенсек, күдікті 64 жастағы жергілікті тұрғын - Стивен Пэддок. Ер адам Mandalay Bay Hotel қонақүй кешенінің 32-ші қабатынан жақын жердегі музыкалық фестивальге келушілерге қарата оқ атқан.
Қазіргі кезде полиция күдіктінің сыбайласын іздестіруде. Әкімшілік сот қызметкері Джозеф Ломбардоның сөзінше, Мэри Лу Дэнли (Mary Lou Denley) есімді қыз күдіктімен бірге саяхаттаған. Сондай-ақ, Hyundai Tucson және Chrysler Pacifica Touring шағын көліктері іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, бүгін Американың Лас Вегас қаласында белгісіз біреу ең ірі қонақ үйлердің бірі Mandalay Bay казиносында қарулы шабуыл жасаған. Полиция мәліметінше, ол қонақ үйдің 32 қабатынан кантри-музыка фестиваліне келгендерге қарата оқ жаудырған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды