Тәжікстанда ел бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді - деп хабарлайды Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Радио Озоди мәліметінше, ел астанасы Душанбе сынды ірі қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Душанбе қаласының «Халықтар достастығы» орталық алаңына ішкі әскер, полиция және әскери техника кіргізілген. Шаһарда орналасқан елшіліктер мен старатегиялық маңызға ие ғимараттардың күзеті екі есеге көбейтілген.
Тәжікстан ІІМ-ның баспасөз хатшысы Умарджон Эмомалидің сөзінше, Душенбе қаласына әскер кіргізудің басты себебі қоғам тыныштығын сақтау мен террорлық шабуылдардың алдын алу. Бірақ жергілікті сарапшылар ІІМ-ның таратқан бұл мәлімдемесіне сенбейді. Олардың пікірінше, ел билігі халыққа жалған ақпарат таратып отыр . Тәжікстандық белгілі журналист Әлішер Зарифтің айтуынша, Тәжікстан Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірігіп Душанбе қаласында криминалды топтарға қарсы арнайы операция өткізіп жатуы мүмкін.