Егер АҚШ өз міндеттерін орындамаса, Иран ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад - Джавад Зариф журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Егерде АҚШ ядролық келісім бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамайтын болса, онда Иран ядролық келісімнен шығады. Бірақ бұл жерде Уашингтонға ең дұрысы өзіне жүктелген міндеттерді атқару» - деген.

Бұдан дейін Иран президенті Хасан Роухани БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында: «Иран 2015 жылғы ядролық келісімді ешуақытта бірінші болып бұзбайды. Бірақ ядролық келесім аясындағы кез келген мемлекет қандай да бір  келісімді бұзатын болса, онда Иран нақты, әрі шешуші қадамдарға барады. Егерде бұл келісім әлемдік саясатқа енді келген саясаткерлердің кесірінен бұзылатын болса, өте өкінішті. Себебі дүниежүзі үлкен мүмкіндіктен айрылады» - деген болатын.

“The Qazaq Times”