Мьянманың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі рохинджа мұсылмандарына ешқандай геноцид жасалмағандығын айтты.
Мьянманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хау До Суан Ракхайн штатында болған жағдайларға байланысты Бас Ассамблея мінберінен сөйлеген сөзінде: «Маған түсіндіруге рұқсат беріңіздер. Осы арада маған дейін Мьянма билігіне ешқандай дәлелсіз рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады деген айыптаулар айтылып жатыр. Мен бұл айыптауларды ақиқаттан алшақтау деп есептеймін. Мьянмада билік тарапынан Ракхайн шататын этникалық топтардан тазарту немесе аз ұлттарға геноцид жасау болған жоқ» - деген.
Естеріңізге салайық, тамыздың 25 күні рохинджа бүлікшілерінің жергілікті полиция бекеттеріне жасаған шабулдарынан кейін, Мьянмада рохинджа мұсылмандарын жаппай қудалау басталған болатын. Ел билігінің рохинджа мұсылмандарына жасаған істерін әлем жұртшылығы қатаң сынға алып, көпшілігі геноцид деген баға берген болатын. Тіпті Ресей мен Шешенстанда Мьянма мұсылмандарын қолдаған миллиондаған адам қатысқан шерулер де өткен еді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?