2017 жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстанға туристік мақсатта 3,6 млн адам келген. Осылайша саяхаттаушылардың келу көрсеткіші алдыңғы екі жылмен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. Мысалы бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда биыл келген туристер саны 20,5%-ға өскен немесе 605,9 мың адамға артық. Мұндай мәліметтерді finprom.kz агенттігі келтіріп отыр.
Еске салайық, мұндай жоғарғы көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-маусым айында тіркеліп, туристердің саны 22,2%-ға өскен еді. Ал 2015-2016 жылдары бастапқыда 7%-ға, кейін 1,2%-ға төмендеп кеткен.
Елге келетін туристер санының артуы қонақүй-мейрамхана секторына оң әсер етті. Алты айдың ішінде Қазақстандағы хостелдер, қонақүйлер, санаторий, курорттарға 416,2 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7%-ға артық.
Сондай-ақ, Қазақстанға жеке мақсаттармен (+35,9%) және іскерлік мақсатпен келгендердің де (+27,5%) саны өскен. Ескеретін жайт, шетелдік қонақтардың көбі бизнес туризм үшін келген, ал 2015-2016 жылдары туристердің өз еркімен елге келуі айтарлықтай қысқарған.
Сонымен шетелдік туристер арқылы Қазақстандағы 17 курортты зонаның 12-сі танымалдыққа ие болды. Мысалы туристердің қызығушылығын арттырған ең танымал орын Қарқаралы курорты. Алғашқы алты айда мұнда келушілер саны 7,7 мың адамға артып, 16,6 мыңға жетті.
Сондай-ақ, Зерендіде демалушылар саны 5,5 мыңға көбейіп, 14,5 мың адамға жетсе, Алматы маңындағы демалыс орындарына келушілердің саны 5,3 мыңға өсіп, 55 мың адамға дейін көбейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?