Ресми Анкара Ирактың солтүстігінде референдум өткізуге түбегейлі қарсы - деп хабарлайды Oxu-az ақпарат көзі Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымға сілтеме жасап.

Бинали Йылдырым жергілікті БАҚ өкілдеріне Солтүстік Ирактағы референдумға байланысты: «Анкара осы уақытқа дейін барлық қадамдарын аймақ тыныштығы үшін жасап келді. Солтүстік Иракта қыркүйектің 25-і күні болатын референдумның нәтижесі қандай болса да Түркия оны заңсыз деп есептейді. Бұл үшін кінәні жергілікті күрдтерден, араб немесе тәжіктерден емес, осындай қадамға баруға итермелеген елдерден іздеген дұрыс. Түркия өзінің оңтүстік шекарасында өзге бір елдің пайда болуын және аймақта қандайда бір өзгеріс болғанын қаламайды» - деген.

Естеріңізге салайық, бүгін Солтүстік Ирактағы Күрдістан өзінің тәуелсіздігін жариялау үшін аймақта референдум өткізуде. Бұған дейін Күрдістан автономиясының басшысы Масуд Барзани Түркия, Ирак, Иран елдерінің қарсылығына қарамастан қыркүйектің 25-іне белгіленген референдумды өткізетінін айтқан.

“The Qazaq Times”