АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ашық нарық операциялары жөніндегі комитеті 20 қыркүйекте базалық пайыздық мөлшерлемені 1-1,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы RNS агенттігі хабарлады.
"Еңбек нарығы мен инфляция жағдайына байланысты комитет ФРЖ базалық мөлшерлемесінің мақсатты интервалын 1-1.25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Ақша-кредит саясаты туралы ұстаным қалыпты болып қала береді, бұл еңбек нарығындағы оң үрдістерді қолдайды және инфляцияның 2% деңгейіне түсуіне мүмкіндік береді", - делінген ФРЖ хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін наурыз айында ФРЖ мөлшерлеме 2017 жылы 0,25 пайыздық деңгей бойынша үш рет көтерілуі мүмкін екенін айтқан. ҚАржы ұйымы осылайша мөлшерлемені наурыз айында 1,25 пайыздық пункті бойынша 0,5−0,75%-дан 0,75−1%-ға дейін, маусымда 1−1,25%-ға дейін көтеріп, шілдеде осы деңгейде қалдырған болатын.
ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені көтеруі тек Америка экономикасына ғана емес, нарықта доллар эквивалентін қолданатын барлық елдерге ықпал етеді. Мысалы Қазақстанда ФРЖ ставкасының көтерілуі инфляцияның жоғарылауына және теңгенің әлсіреуіне әсерін тигізеді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?