Мьянма басшысы Аунг Сан Су Чжи рохинджа мұсылмандарының құқығы аяқ асты болғаны жайында айтты – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін Мьянма мұсылмандарына жасалып келген қысымға үнсіздік танытып келген Аунг Сан Су Чжи бүгін жергілікті телеарналардың бірінен ел халқына үндеу жолдады. Ол онда Ракхайн шататында рохинджа мұсылмандарына жасалған озбырлықты қатаң сынға алып, алдағы уақытта бұл іске қатысы бар адамдардың барлығын заң бойынша жазалайтынын және болған оқиғаны зерттеу үшін елге халықаралық бақылаушыларды кіргізетінін айтқан.
Бұдан бөлек ол әлем жұртшылығын сабырлыққа шақырып, Мьянмадағы жағдайдларға түсінстікпен қарауды сұраған. Аунг Сан Су Чжи сөз соңында: «Біздің елдегі демократия өте нәзік оны ұстап тұру үшін біз көптеген кедергілерге тап боламыз. Барлығымыз да соғысты емес бейбіт өмір сүруді қалаймыз» - деген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?