АҚШ әскери базасында жарылыс болды – деп хабарлайды Independent ақпарат көзі.
Independent мәліметі бойынша, АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан Форт-Брэгг әскери базасында жарылыс болған. Салдарынан 15 сарбаз әр түрлі дене жарақаттарын алған.
АҚШ құрлық әскері ресми сайтының хабарлауынша, Форт-Брэгг базасында болған жарылыстан 32 жастағы Масачусетс штатының тумасы Александр Далид көз жұмған. Осыған байланысты АҚШ әскерінің полковнигі Майкл Корнбургер: «Біз болған жағдайға байланысты сержант Далидің отбасына қайғыра көңіл айтамыз және алдағы уақытта көмектесіп тұруға уәде береміз» - деген. Ал АҚШ құрлық әскерінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің ресми өкілі Роберт Бохколт әскери базада болған жарылыс салдарынан Александр Далидтен бөлек 7 сарбаздың жарақат алғанын айтқан.
Қазіргі таңда оқиға орынында АҚШ әскерлері мен арнайы сарапшылар жарылыстың неден боланын анықтауда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?