Мосул қаласының қирандылары арасынан 2,6 мың адамның денесі табылды - деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, Ирактың жақында ғана «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан азат етілген Мосул қаласын қиарндылардан тазарту жұмыстары барысында үйінді арасынан 2650 адамның денесі шыққан. Денелердің басым көпшілігі шаһардың соғыс көп болған батыс бөлігінен табылған. Мосулды қирандылардан тазарту осыдан екі ай бұрын, шілденің 10-ы күні басталған болатын. Өлгендерді іздестіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.
Қазіргі таңда Ирак аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының иелігінде Эль-Кайр, Рава және Анна сынды үш қала ғана қалған. Ел премьер-министрі Хейдар әл-Абадидің айтуынша, Ирак әскері бұл қалаларды да жақын уақытта азат ететін болады.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?