Барселонада осы жылдың 1 қазанына жоспарланған Каталонияның тәуелсіздігін анықтауға арналған референдумды қолдау шарасы өтті. Оған 1 миллионға жуық адам қатысып, "Референдум деген - демократия" деп ұрандатқан.
Каталонияның Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған бейбіт акцияға қосылғандар: "Біздің дауыс беру құқығымызды ешкім де тартып ала алмайды. Біз 1 қазан күні Каталонияның тәуелсіздігі үшін дауыс береміз" деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын орталық билік референдум өткізу Испанияның Конституциясына қайшы келетінін айтып, өз қарсылығын білдірген болатын. Каталониядан қол үзіп қалғысы келмейтін Испания билігі олардың тәуелсіздік алуына барынша тосқауыл болатынын хабарлаған еді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды