Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы шешіміне қарамастан, Лондон қаласы әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының тізімінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Z/Yen Group Ltd. қаржы-консалтингтік компаниясының шолуынада айтылған. Аталған компания халықаралық қаржы орталықтарының индексін (Global Financial Centres Index, GFCI) жарты жылда бір рет есептеп отырады.
АҚШ-тың Нью Йорк қаласы болса екінші орынға түсіп қалды. Сарапшылар мұны АҚШ Президенті Дональд Трамптың сауда саясатымен байланыстырады.
Үшінші орында Гонконг, одан кейін Сингапур тұр. Токио бесінші орында қалды. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Шанхай Торонто, Сидней, Цюрих және Бейжің кіреді, қытай астанасы бірден 6 позицияға көтерілген.
Бұдан бөлек, Лондондағы қаржы операцияларының басқа еуропалық қалаларға ауыстырылуы сол қалалардың рейтингін көтерген. Мысалы Франкфурт 23 орыннан 11 орынға, Дублин 33 орыннан 30 орынға көтерілген.
Чикаго мен Уашингтон рейтингте бірден 17 және 16 сатыға төмендеп кеткен. Вена 22 орыннан 42 орынға дейін төмендеді.
Дубай Таяу Шығыс елдері арасында ірі қаржы орталықтарының көшін бастап тұр (тізімде 18 орын). Екінші орында - Абу-Даби (тізімде 25 орын).
Варшава Шығыс Еуропа бойынша ең ірі қаржы орталығы (әлемде 36-орын және рейтингте 5 сатыға жоғарылады) ретінде танылды. Таллин мен Рига, керісінше, рейтингте төмендеп, 44 және 53 орынға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстанда 2018 жылдан бастап "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. Бұл орталықтың мақсаты - әлемдік танымал биржаларды Қазақстанда топтастыру және технология мүмкіндігі зор жаңа қаржы алаңын құру. Орталық арқылы Астана қаласының да ірі қаржы орталығы болуға мүмкіндігі бар. Тек бүкпесіз, ашық жұмыстар атқарылуы керек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?