Харви және Ирма дауылдарының шығыны 290 млрд долларға бағаланды. Ауа райы болжамын жасаушы америкалық AccuWeather бұл ақша АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің 1,5 пайызын құрайтынын хабарлады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
AccuWeather фирмасының бас директоры Джоэль Майерс Ирма дауылын ең қымбат табиғат құбылыстарына балап, оның келтірген шығыны 300 млрд доллар деп көрсетті. Техас пен Луизиана штатын әбігерге салған Харви дауылы АҚШ тарихындағы ең үлкен апаттардың бірі есебінде сақталып, мемлекеттік қазынаға 190 млрд доллар шығын келтірді.
Джоэль Майерс аталған есептеулерді жүргізу барысында, дауылдан келген материалдық шығындардан бөлек, оның салдарынан туындайтын қиындықтарды қоса есептегенін айтады. Өкінішке орай, сақтандыру компаниялары шығындардың толық бөлігін өтей алмайды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?