Украинада Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат көзі.
Бүгін Михаил Саакашвили уақытша аялдаған Львов облысының полициясы Саакашвили үстінен шекарадан заңсыз өтуіне байланысты қылмыстық іс қозғағандығы жайында ақпарат таратқан. Бұған дейін Украина бас прокуроры Юрий Луценко өзінің Facebook парақшасында: «Заң, шекарадан заңсыз өтуді ұйымдастырғандар мен оған көмек қолын созғандарды жауапқа тартуды талап етеді. Біз бұны заң шеңберінде жүзеге асыратын боламыз» - деп жазған.
Естеіңізге салайық, қыркүйектің 10-ы күні Михаил Саакашвили Польша мен Украина арасындағы Шегини шекара бекетіне жақтастарымен бірге басып кірген болатын. Оны шілденің 26-сы күні ел президенті Петр Порошенко Украина азаматтығынан шығарып, ел аумағына кіруге тыйым салған. Сол уақыттан бері Михаил Саакашвили АҚШ-тан Польшаға келіп, бірнеше мәрте Украинаға қыркүйек айында қандай жолмен болсын баратынын айтып, мәлімдеме жасаған еді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?