Қытайлық азамат Дэн И Вей елде орнатылған интернет цензураны айналып өтіп, азаматтарға Қытай аумағында тыйым салынған сайттарға кіруге мүмкіндік беретін VPN желілерін саудалағаны үшін жауапқа тартылды. Соттың шешімімен, оған 9 ай абақтыға жабу туралы үкім кесілді. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды. 

Жас жігіт аталған кәсіппен 2015 жылдан бері айналысып келген. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, Қытай Үкіметі интернет цензураны бұзған азаматтарды құрықтау бойынша көлемді кампания жүргізіп, нәтижесінде VPN қолданған, оны саудалаған  азаматтар қолға түсті. Сондай-ақ, VPN жазып алуға мүмкіндік беретін 60-қа жуық мобильді қосымшалар бұғатталды.

Жеке виртуалды сайттар (VPN - virtual private network) өз қолданушыларына оның мемлекетінде бұғатталған интернет ресурстарға қол жеткізуге арнайы трафик ұсынады.

Айта кетейік,  Қазақстанда  түрлі сайттарға кіруге тыйым салынбаса да, әлеуметтік желідердегі арам пиғылды әртүрлі топтарға тіркеліп, солардың жетегінде кеткен азаматтар баршылық. Ал оларды бұғаттағаннан әзірге пайда болып отырған жоқ.

“The Qazaq Times”