Бизнеске қажетті 800-ден астам рұқсатнама және лицензия қысқартылды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтың сөзінше, бизнеске қатысты біраз мәселелер шешімін тапқан.
«Заң шеңберінде Ұлттық палата өңірлердегі жүйелі мәселелерді жинақтауда. Бүгінде 183 мәселе бар, оның 56%ы шешімін тапты, 44%-ы – шешілуде», – деді Жүрсінов.
Сондай-ақ, ол Ұлттық палатаға 18 623 кәсіпкер шағым түсіргенін атап өтті. Олардың ішінде(өтінімдердің 13%-ы) жиі кездесетіні– салық пен жер учаскісіне қол жетімділік; 10% – сатып алулар мен кәсіпкерлер арасындағы дауларға қатысты.
«2017 жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес «Атамекенге» 1387 өтінім түсті. Айта кететін жайт, бұл өтінімдердің 41%-ы оң шешілуде. Біз жазалауды азайтудың айтарлықтай әлеуетін көріп отырмыз. Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша Ұлттық палатамен қорғалған мүдде 81 млрд теңгені құрап отыр», – деді спикер.
Басқарма Төрағасының орынбасары «Атамекен» бизнесті тексеру мен бақылау функцияларын 30 пайызға қысқартуды ұсынып отырғанын айтты.