Беларусь Украинаның тек сөз жүзіндегі әріптесі, деді Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Елена Зеркаль.
Елена Зеркаль «5 канал» телеарнасына берген сұхбатында: «Менің ойымша қазір Беларусь бойынша жауапқа қарағанда сұрақтар өте көп. Беларусь сөз жүзінде әріптес болғанымен іс жүзінде мүлде басқа қадамдар жасауда» - деген.
Зеркаль бұдан бөлек Беларусьтағы Украина азаматтарының қауіпсіздігіне де алаңдайтынын айтқан. Өйткені бұған дейін Беларусь аумағында Украина қоғамдық Рада мүшесі Игор Грибтың 19 жастағы ұлы жоғалып кеткен болатын. Ол ұлының із-түссіз кетуін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қатысы бар деп мәлімдегеннен кейін, Украина СІМ Беларусьқа нота жіберген. Бірақ Беларусь тарапы бұл нотаға мардымды жауап бермеген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды