Еурокомиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер Түркия мен Еуроодақтың қарым-қатынасы қиындап тұрғанын мәлімдеді.
"Түркия Еуроодақтан алыстап барады. Менің ойымша, Ердоған Түркияның Еуроодаққа кіру туралы келісімдеріне біздің тараптан нүкте қойылғанын қалайтын сияқты. Сонда ол екіжақты қарым-қатынастардың шиеленісуіне Еуроодақты кінәлап, өзінің айыбын жасырып қалушы еді", - деді ол.
Еуроодақ Түркияда өткен жылы орын алған мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасынан кейін Режеп Тайып Ердоғанның күдікті азаматтарды жаппай қудалауға ұшыратқанына қатысты наразылық білдірген болатын.
Германия канцлері Ангела Меркель: "Германияда 3 млн түрік азаматтарының тұратынын ескеріп, Түркия билігі өз елінде конституциялық құқықтарды сақтауы керек. Олар адам құқықтары мен бостандықтарын еркін бұзып отырғандықтан, біздің қарым-қатынастарымызға сызат түсіп отыр", - деді.
Ақпан айында Түркияда неміс-түрік журналисті Дениз Юкель тұтқындалған кезде, Германия Үкіметі биліктің тек өз елінде ғана емес, шет елде де сөз бостандығын шектеп отырғанын айтып, әлем назарын аударып еді.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?