Венесуэланың жаңадан құрылған Ассамблеясының мүшелері мемлекет басшысы Николас Мадуроға қарсылас оппозиционерлерді "халық жауы" деп тану туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Ассамблея мүшелері Оппозиция өкілдерін АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы салған санкцияларын қолдағаны үшін айыптап отыр. Олардың кешегі ресми бас қосуы кезінде оппозиция тарапындағыларды "халық жауы" деп танып, оларды қудалау жөніндегі ұсыныс бірауыздан қабылданды. Дегенмен, нақты жазаға тартылатын оппозиция мүшелерінің аттары аталған жоқ.
Осыдан бұрын Венесуэла Президенті Николас Мадуроның Оппозиция тарапының басқаруында болған Парламентті таратып, орнына өз жақтастарынан құрылған Ассамблея қызметін бекітуі халықтың жаппай көтеріліске шығуына алып келген болатын. АҚШ Үкіметі Президенттің бұл әрекетін демократияға қайшы деп тауып, әуелі мемлекет басшысына, кейіннен бүкіл мемлекетке қарсы бірқатар экономикалық санкциялар енгізді. Николас Мадуро бұл шектеу шаралары Венесуэланың онсыз да тұрақсыз экономикасына қарсы жасалған әділетсіздік деп есептейді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?