Мәскеуде Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қорғаушысы Василий Матвиенко жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп жазды «Московский комсомолец» басылымы.
Тамыздың 21-і күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1:30 шамасында Мәскеу қаласының маңындағы «Советский писатель» саяжай қалашығында Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қорғаушысы болған Василий Матвиенко өзін-өзі жүрек тұсынан атып тастаған. Матвиенконың жұбайы Еленаның сөзінше, Василий қайғылы оқиғаға дейін жалғыз өзі бір литрден астам Ирландия вискиін ішкен және кіші калибрлы ПСМ тапаншасының шүртпесін абайсыз басып қалған.
Осыдан кейін оқиға орынына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері Матвиенконың гаражынан ешқандай құжаттары жоқ, сериялық нөмірі өшірілген екі бірдей тапанша, пневматикалық тапанша, Ф-1 гранатасының бөлшектері, гильза мен оқ дәрі тәркілеген.
Василий Матвиенко Мәскеуге 2016 жылдың 2 қыркүйегінде Ислам Кәрімов қайтыс болғанан кейін көшіп келген. Бірақ ол осы уақыт аралығында Өзбекстанға жиі барып тұрған. Соңғы рет Ташкенттен Мәскеуге 21 тамыз күні қайтып оралған. 38 жастағы Василий Матвиенко Ислам Кәрімовтың тірі кезінде Өзбекстан ІІД полковнигі қызметін атқарған.