Осыдан аз күн бұрын Польшада Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыстың төлемін талап ету ісі туралы талқы бастады. Олар Германия Польшаға Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шығындарды өтейді деп үміттенеді. Бұл туралы «Шианлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Осыған байланысты Польшаның премьер-министрі Беата Шидло бір күн бұрын Варшавада өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеме жасап, Польшаның Екінші дүниежүзілік соғыстың шығынын Германиядан талап етуге құқылы екенін айтты. Ол Польша Екінші дүниежүзілік соғыстың ең басты зардап шегушісі деп қарайды. Сонымен бірге бүгінге дейін соғыс шығындарының төленбегенін алға тартты.
Беата Шидло сөзінде: «Біз талқылап отырған соғыс шығынын талап ету мәселесі орынды әрі заңды. Польшаға тиесілі дүниелер жұрттың есінде деп үміттенем. Егер сіз бұл пікірге сынай қарап, қарсы дауысты ұстағыңыз келсе, онда мен сізді тарихты басынан бастап оқуға тиіс деп қараймын. Сол арқылы сіз Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша елінде не болғанына қайталай еске түсіріңіз», – деді.