Apple компаниясының iPhone 8 деген атауға ие болатын смартфонының таныстырылымы 12 қыркүйекте өтеді. Ал сатылым 22 қыркүйекте басталуы мүмкін. Мұндай мәліметті Mac4Ever басылымы компанияда тараған ақпараттарға сүйеніп, таратып отыр.
Соңғы уақытта ұялы операторлар мен жеткізушілерден бастап түрлі дереккөздерде тараған ақпараттарға сүйенсек, гадежттің қандай болатынын елестетуге болады.
iPhone 8 OLED-экранының көлемі 5,8 дюйм болатын ең үлкен смартфон болмақ. IPhone 7 Plus-тің экраны 5,5 дюйм болған. Сарапшылардың сөзінше, смартфонның экраны барлық бетін алып жатады, яғни шеттерінде ешбір қыр болмайды. Жаңа өнімнің артықшылығы - Home батырмасы болмауы. Оның қызметін "виртуалды" батырма атқаратын болады.
Сондай-ақ, жаңа телефонда саусақ ізі арқылы құрылғының иесін анықтайтын Touch ID технологиясының орнына, қолдаланушыларды анықтау үшін тұлғаны тану технологиясы пайдаланылады.
iPhone 8-дің тағы бір ерекшелігі жадында болуы мүмкін. Өйткені қытайлық Geekbar басылымының мәліметінше, жаңа модельдің жады 64 ГБ-тан басталып, 512 ГБ-пен аяқталады. 512 ГБ Apple смартфондары үшін ең көп жад. Ал басқа басылымдар "телефонның жады тек 128 және 256 ГБ-ты құрайды" дегенді айтады.
Сондай-ақ, дереккөздерге сүйенсек, смартфон сымсыз қуаттағышпен жабдықталған. Дегенмен жаңа өнімнен аса айырмашылық күтудің қажеті жоқ. Әдеттегідей, жұмыс жылдамдығы жақсарып, камера мен батареясының сипатына қатысты өзгерістер ғана болуы мүмкін.
Ал бағасына келетін болсақ, жаңа технологияның бағасы 1000-1100 доллар шамасында болады деп болжанған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?