iPhone 8 бен iPhone X таныстырылымы өткелі бері оны сатып алуға қызығушылық танытқандардың саны екі есе артқан болар. Көпшілігі әсіресе iPhone X-ті алғылары келеді. Бірақ оның бір кемшілігі бағасы 1000 доллар шамасында және ол Apple компаниясы жасап шығарған ең үздік және ең қымбат телефон. Бұл гаджет Қазақстанға әлі келе қойған жоқ. Дегенмен оқырмандарымызға мұндай телефонды сатып алып, қымбатқа ұрынудың да қажеті жоқ екенін айтқымыз келеді. Жай ғана iPhone 8 не 8 Plus-ті сатып алу керек. Ал оны сатып алудың артықшылықтары қандай? Insider.pro агенттігі осы сұрақтарға жауап берген. 

Қаражат үнемдеу

Фото: insider.pro

Қаражат үнемдеу - ең орынды шешім. Мысалы жады 64 Гб болатын iPhone 8 $699, 256 Гб — $849. iPhone 8 Plus-тің бағасы $799 және $949. Ал iPhone X-ті сатып алуға кемінде $999 бен $1149 арасында қаражат жұмсауға тура келеді. Ал 8-ді сатып алсақ $300, 8 Plus-ті алсақ $200 үнемдейміз. Әрине, "осы ақшаны үнемдемей-ақ, iPhone X-ды сатып ала салуға болады ғой" деген ой туындауы мүмкін. Алайда бұл аса дұрыс емес. Себебі 10-ды сатып алған соң оған қосымша AppleCare+, қап, сымсыз қуаттағыш (телефон жиынтығында қуаттағыш қосылмаған), USB-C кабелін, AirPods... сатып алуға тура келеді. Тізімді жалғастыра берсек өте көп. Сонда тағы $100-150 шамасында тағы шығын болады.

«Home» батырмасының болғанын қаласаңыз

Болашақта айфондардың келесі нұсқаларында батырма мүлде болмайды. Олар да құлаққап ұяшығы сияқты алынып тасталдады. Сондықтан егер әдеттегі «Home» батырмасының болғанын қаласаңыз iPhone 8 бен iPhone 8 Plus сатып алған жөн.

Егер саусақ ізін танитын сенсордың болуын қаласаңыз

Фото: insider.pro

IPhone 8 құрылғысында Home батырмасында орнатылған саусақ ізін танитын сенсор әлі де бар, ал iPhone X-да ол жоқ.

Егер "күректей" үлкен телефон алғыңыз келмесе

Фото: insider.pro

iPhone X көлемі iPhone 8-ге қарағанда біршама үлкен. Егер сіздің саусақатырыңыз ұзын болмаса оныншы айфонды ұстау ыңғайсыздық тудырады. Ал сегізде ондай проблемалар болмайды. Оның үстіне қазіргі кезде қолға икемді, шағын сматртфондар жыл өткен сайын жоғалып барады. Сондықтан олар бар кезде ұстап қалған жөн.

Сымсыз қуаттағышты арзан сатып алғыңыз келсе

IPhone X-де де iPhone 8 және Plus 8-де де сымсыз зарядтау функциясы бар. Бірақ сегіздіктің де 30 минут ішінде 50% -ға дейін қуатталатынын ескерсек, ондыққа артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

Камера үшін де артық төлеудің қажеті жоқ

Фото: insider.pro

IPhone 8 бен iPhone 8 Plus 12-мегапиксельді камераға ие. Сонымен қатар, iPhone 8 Plus-тің iPhone X-дікі сияқты портреттік режимі бар. Сондықтан, смартфон камераларының сапасы бірдей болғандықтан артық төлеудің қажеті жоқ (оның үстіне жарнамаланған анимациялық эмодзилар қажет етпесеңіз).

iPhone X-те бар Aion Bionic сегізде де бар 

IPhone 8 Plus пен iPhone 8-де iPhone X-дағыдай Aion Bionic қолданылады. Сондықтан жұмыс істеуі жылдам смартфонды алу үшін жүздеген долларды артық төлемеген жөн.

“The Qazaq Times”