Таиланд Жоғарғы соты бұрынғы премьер-министр Йинглак Шинаватраны (Yingluck Shinawatra) қамауға алу туралы бұйрық шығарды. Ол осыған дейін сот шақыруына келмеген. Тұтқындау бұйрығының шығуы Йинглактың күрішті субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыруы Тайланд үшін ауыр шығын алып келуіне байланысты болып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Йинглактың адвокатының айтуынша, тұтқындау бұйрығы полиция тарапына оны қамауға алу ықтималдығын береді, бірақ бұл үшін шағымдану мүмкіндігі бар. Йинглак болса 2014 жылы әскери төңкерістен кейін тақтан құлатылған болатын. Ал ол күрішті субсидиялау бағдарламасында құқық бұзушылық орын алғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бейсенбі күні ол өзінің Facebook парақшасына өзінің жақтастарының қақтығысуына жол бермеу үшін сотқа бармайтынын айтқан. Жұма күні оның мыңнан астам жақтастары алаңға шықты. Йинглактың жақтастары жиналған орынға полиция қызметкерлері қоршап тұрды. Дегенмен күш қолдану әрекеттері болған жоқ.
Жеке адвокатының айтуына қарағанда, сот үкімі шығудан бір сағат бұрын оны тағы да сотқа шақырған, алайда ол денсаулығының жарамайтынын айтып, сот отырысынан бас тартқан. Сот отырысы 27 қыркүйекке өзгертілді. Сот шешімі оны бас бостандығынан айырса да, Йинглакта 30 күн уақыт бар. Осы уақытта ол жоғары сот үстінен де шағымдана алады.