Бүгін АҚШ-Тайланд арасындағы ауқымды бірлескен әскери оқу-жаттығулар басталды. «Golden Cobra» деп аталатын жаттығуға тікелей және бақылаушы ретінде 29 ел қатысқан. АҚШ пен Тайландтан тыс, Сингапур, Жапония, Қытай, Үндістан, Малайзия және Оңтүстік Корея оқу-жаттығудың белсенді қатысушылары болмақ.
Бірлескен әскери жаттығу Тайландтың солтүстігіндегі Фитсанулок қаласында өткен. АҚШ-тың Тайландтағы елшісі Питер Хаммондтың айтуынша, бірлескен жаттығудың басты мақсаты тараптардың ұлттық қорғаныс ынтымақтастығын күшейту, армияның ынтымақтастығы және әрекеттік үйлесімділігін дамыту.
Кезекті жаттығу үш мазмұнды қамтиды. Айталық, ұрыс жаттығулары, одақтастарға көмек беру жаттығулары және апатты жағдайларда зардапты жою мен гуманитарлық көмек жеткізу жаттығулары.
Айта кетейік, 1982 жылы басталған «Golden Cobra» бірлескен әскери жаттығу жыл сайын өткізіліп келеді. Кезекті жаттығу 10 күнге жалғасып, 22 ақпан күні аяқталады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес