Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту және отандық машина жасауды дамытуды жеделдету бойынша шараларды әзірледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасының 284 мың данасы бар. Оның 70%-ның эксплутациялау мерзімі 15 жылдан асады.
Сонымен шаруаларды қолдаудың бір түрі – отандық техникалар мен жабдықтарға жеңілдетілген несие беру.
Жеңілдетілген несиені «КазАгро» ҰБХ АҚ-ның қаражаты есебінен жылдық мөлшерлемесі 5,5%-дан аспайтын 10 жылға дейінгі мерзімге шаруаларға беру қарастырылған.
Сондай-ақ, жеңілдетілген несие отандық кәсіпорындардан шыққан аспалы және тіркемелі жабдықтарға беріледі. Осындай отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындардың бірі – Ақмола облысындағы «Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы» ЖШС. Аталған корпорацияның директоры Олег Балыбин кәсіпорын сұранысқа ие бағасы қымбат емес, аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды арттыратынын атап өтті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті