Петр Порошенко Біріккен Ұлттар Ұйымының кезекті отырысында Донбассқа халықаралық бітімгершілік әскер кіргізуді ұсынды, деп хабарлайды Украина президентінің баспасөз қызметі.
Петр Порошенко БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының кезекті отырысында: «Донбассқа байланысты БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы мен ЕҚЫҰ-ның әскери миссиясының алға жылжуы өте қиын болып тұр. Өйткені Ресей Федерациясы Донбасста бейбітшілік орнатуға мүлде құлықсыз. Мен қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының кезекті отырысында Донбассқа бітімгерлік әскер кіргізуге байланысты ұсыныс жасайтын боламын» - деген.
Бұдан бөлек Порошенко Украинаға тиесілі барлық аумақтарды қайтарып алатынын және саяси-дипломатиялық жолмен елде бейбітшілік орнататынын айтқан.