Балаларға арналған сапасыз ойыншық шығаратын кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемін мың айлық есептік көрсеткішке дейін (1 АЕК - 2269 теңге) көтеру керек. Бұл туралы Тұтынушылардың ұлттық лигасының басшысы Светлана Романовская  мәлімдеді. 

"Тұтынушылар құқығын үнемі бұзатындар өздерінің әрекетіне және алған қаржысына жауап беруі қажет. 10 АЕК көлеміндегі айыппұл (22 960 теңге) бұл өте аз", - деді ол.

Оның сөзінше, ұлттық лига формальдегид бар ойыншықтарды жиі ұшырастырады және ойыншықтардың сапасыз бояуы балалардың аузына түсіп кетеді екен.

"Біз айыппұлды 100 есеге, яғни мың АЕК-қа көтеру керек деп есептейміз (2 229 000 теңге). Бұл мәселені үкіметте көтердік. Бірақ бізге орта және шағын бизнесті қолдау туралы бұйрық берілді. Ал өздері осылай қолдап отыр. Егер барлық тұтынушылар бас тартса, бизнестегі бұл өнімдерді сатып алатын ешкім болмайтынын олар қашан түсінеді?", - дейді ол.

Лига басшысының сөзінше, 2017 жылдың алты айында денсаулық сақтаудың өңірлік департаменттері 641 ойыншық үлгісі (35%) Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейтінін анықтаған. Ал өткен жылы сапа бойынша тексеруден ойыншықтардың 39,8%-ы өтпей қалған.

 “The Qazaq Times”