АҚШ Президенті Дональд Трамп Пәкістанға қарсы қатаң саясат жүргізетінін жариялады. Өз сөзінде Ақ үйдің басшысы: "Пәкістанның террористер үшін бас сауғалайтын қауіпсіз мекен болуына мұнан әрі көз жұмып қарап отыра алмаймыз. Пәкістан бізбен әріптестік орнату арқылы көп артықшылықтарға қол жеткізе алады немесе керісінше, террористерге қайта жүгіну арқылы көп мүмкіндігін жоғалтады" деп, екіұшты таңдау ұсынды.
Америка басшысы Пәкістанды Ауғаныстандағы террористерге қарсы күресті қолдауға шақырды. Сондай-ақ Үндістаннан экономикалық, әлеуметтік көмек күтетінін, оның ықпалына үлкен үміт артатынын айтты.
"Біз Пәкістанға қаншама миллиардтаған қаржы құйып келеміз. Ал олар біз қарсы күресіп отырған террористерді қолдағаны дұрыс емес", - деді Трамп.
Ауғанстанға қатысты жаңа стратегияны жариялау барысында Дональд Трамп талибандардың әскери күшпен жеңіске жете алмайтынын атап өтіп, қазір келісімге келетін уақыт екенін ескертті. Бұл арқылы Америка басшысы алдағы уақытта Талибандармен өзара бейбітшілік орнату туралы келіссөздер жүргізу мүмкін болатынын ашып айтты.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды