Еуропалық одақ Украинада өтетін мемлекеттік басқару реформасына 100 млн еуро қаржы бөледі. Бұл жөнінде одақтың Украинадағы өкілеттігі хабарлаған.
Өкілеттіктің хабарламасында ЕО Украинадағы мемлекеттік басқару бағдарламасын толықтай қолдайтыны туралы айтылған.
"Егер 2017-2020 жылдардағы табысты реформа үшін нақты шарттарды орындау қажет болса, онда ЕО мемлекеттік басқару реформасын жүзеге асыруға 100 млн еуро көлемінде қаржылай көмек береді", - делінген өкілеттіктің фейсбуктегі ресми парақшасында.
Ресейлік "Прайм" басылымының мәліметінше, Украинада мемлекеттік басқару реформасы өтіп жатыр. Реформа аясында министрліктердегі әкімшілік және саяси функцияларды бақылау бойынша мемлекеттік хатшылардың институты құрылған.
Бұдан бөлек, әр министрлікте реформаны реттеумен айналысатын жаңа мамандардан құрылған "бас директорат" құру жоспарланған. Ал бұдан бұрын Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман әрбір министрліктің саясатын реттейтін арнайы директорат құру жоспары бар екенін мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?