Ливан әскері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы шабуылын бастады. Сүриямен шекарадағы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қолына қарап отырған аймақты босату операциясы ойдағыдай аяқталса, қос елдің арасын бөліп тұрған өңір террористерден толықтай босайды. Бұл туралы Әл-Жазира (Al-Jazeera) ақпараттық агенттігі жазды.
Сүрия тарапынан "Хезболла" ұйымы мен Сүрия әскері де "Ислам мемлекеті" лаңкестеріне қарсы шабуыл жүргізбек. Дегенмен Ливан әскері Сүриямен террорларға бірлесіп қарсы тұру туралы ешқандай келісім болмағанын жеткізді.
Ливан әскерінің генералы Джозеф Аун: "Осы уақытқа дейін соғыс алаңдарында көз жұмған, ұрланған және жараланған барлық әскерилердің атымен бұл операцияның басталғанын ресми хабарлаймын" , - деді.
Осыдан бұрын ливандық "Хезболла" тобы елдегі "Джебхат ан-Нусра" деп аталатын террористік топты шекарадан асыра қуып, біраз аймақты босатып еді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды