АҚШ «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын жеңгеннен кейін Сүрия аумағында қалмайды, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт.
Хезер Науэрт журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Біздің мақсатымыз «Ислам мемлекеті» ұйымының көзін құрту. Одан басқа ешқандай ойымыз жоқ. Біз Сүрияны АҚШ емес, басқа емес, сүриялықтардың өздері басқарғанын қалаймыз» - деген.
Бірақ бұған дейін Сүрия демократиялық күштерінің өкілі Таляля Село Reuters агенттігіне берген сұхбатында АҚШ әскерилері «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы жеңіліс тапқаннан кейін де Сүрияның солтүстік аудандарында қала береді деген.