Оңтүстік қазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді, деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі.
«Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстік қазақстандық ІT маман Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық құқық иесі атанған. Осылайша енді домбыраны ұялы телефонда тартып, ән шырқауға болады. Егер үйрену қажет болса, тегін жүктеуге де мүмкіндік бар.
Электронды нұсқа әзірге тек Apple өнімін қолданушылар үшін ғана қолжетімді және аталған бағдарламаны мына сілтемеден тегін жүктеп алуға болады.
Өнертапқыш Нұрлан Бауыржанұлы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің ақпараттық жүйелер мамандығының 2-курсында оқиды. Жастайынан оқуда озат болып, зейіні зерек өскен Нұрланның алдағы арманы - атақты ІT маман атану.
Домбыраның электронды нұсқасын ойлап тапқан 20 жасар жігітке бұл идея Астанадағы EXPO көрмесіне барғанда келіпті. Нұрланның бұл идеясын іске асыруға «қазақстандық Стив Джобс» атанып кеткен Арман Сүлейменов ақыл-кеңес беріпті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?