Израиль мемлекеттік каналының хабарлауына қарағанда, Иран Сүрияның Жерорта теңізі жағалауында зымыран өндіретін фабрика салған. Израиль жақ жерсеріктерден түсірілген суреттерге талдау жасай келе, Жерорта теңізі жағалауындағы орналасқан Баняс ауданындағы фабрика құрылысын "зымыран өндіруге арналған" деп тұжырымдаған. Бұл туралы "Түрік Теле-Радио" қызметінің ресми сайты жазды.
Ғарыштан түсірілген суреттерге талдау қорытындысы бұл жердегі құрылыстардың Иран орталық қаласы Теһран (Тегеран) маңындағы зымыран өндіруші фабриканың құрылыс жобасымен бүтіндей ұқсас екенін алға тартады. Осыған қарай отырып, Израиль үкіметі Иранды "Сүрияда зымыран өндіріп отыр" деп қарайды.
Израиль жақ Иранның Сүрия жеріндегі ықпалының артып кетуіне тіс-тырнағымен қарсы. Израильдың үкімет басшысы «Иранның Сүрияда әсіресе елдің оңтүстігінде әскери әрекет жасауына мүлде жол бермеу керек» деген сөзі бар. Олар Сүрия мен Израиль шекарасында Иран және оны қолдаушы күштердің бел алып кетуінен қауіптенеді. Сол үшін Иранның Сүриядағы барлық қадамын қалт жібермей бақылаумен келеді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді