Иран Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Хашметуллах Фелахетпише мәлімдеме жасап, Иранның Израильге қарсы қандай да бір соғыс жоспарының жоқ екенін айтты.
Орта-Таяу Шығыстағы Иран мен Израиль арасында ұзақ уақыттан бері қайшылықты жағдайдың бар екені белгілі. Бұған дейін Иранның рухани көсемдері мен үкімет басшыларының сөзінен «Палестинаны азат ету арманы», «Сионизмды түбірімен жоғалту» секілді ұрандар көбірек қайталанған. Иранның Сүрия жеріндегі қадамдары өңірде Иран-Израиль арасында соғыс болуы мүмкін деген қауіпті күшейткен болатын.
Хашметуллах Фелахетпиш Иранның сыртық саясаты туралы жасаған мәлімдемесінде: «Иран-Израиль арасында соңғы кездері ушыққан қарым-қатынасқа қарамастан Теһранның (Тегеран) Израильге қарсы соғыс жоспары жоқ», – деді.
Алайда, жақында ғана елдің СІМ басшысы Мұхаммед Жеват Зариф халықаралық конференцияда жасаған мәлімдемесінде «Иранның Израильге соғыс ашуы мүмкін» деген сыңайда пікір білдірген. Фелахетпиш оны теріске шығарып: «Иранда Тель-Авивке қарсы соғыс жоспары жоқ», – деп мәлімдеді. Әрі, СІМ басшысының сөзінде артық кеткенін айтқан.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы